Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы

  • 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
  • Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
  • Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
  • 1989–1990 жж. «Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
  • 1990 ж. бастап «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ.
  • 1990–1999 жж. «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.
  • 1999–2002 жж. «Тыныс» ЖШС директоры, Павлодар қ.
  • 2002–2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.
  • 2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы.
  • 2005ж. қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.
  • 2005 ж. сәуірден бастап Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.
  • 2006 ж. бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2006–2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.
  • 2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.
  • 2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
  • 2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
  • 2011–2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.
  • 2014–2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті.
  • 2016 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
  • 2016 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
  • 2016–2019 жж. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі.
  • 2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі.
  • 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
  • 2019 жылдың 19 қарашадағы №399 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының  Жалғыз акционері  – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
  • 2019 жылғы 23 қарашадағы №10 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.