Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі

  • 1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысының Қызылқұм ауданы, Утрабат бекетінде туған.
  • 1995 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын экономист мамандығы және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
  • 1986–1988 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын атқарды.
  • 1995–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
  • 1996–1998 жылдары – Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
  • 1998–2006 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да басқарма бастығы, департамент директоры, басқарушы директор;
  • 2006 –2007 – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті;
  • 2007–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;
  • 2008–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2011–2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.
  • 2014 жылдың 4 наурызынан 2016 жылдың 3 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі.
  • 2016 жылдың 24 наурызынан – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мэжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.
  • 2016-2018 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты.
  • «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Тыңға 50 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, марапатталған.
  • 2019 жылдың 19 қарашадағы №399 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының  Жалғыз акционері  – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы   – сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.