Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі

  • 1983 жылы 13 маусымда туған.

Білімі:

  • 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
  • 2007 жылы Колумбия университетін, Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебінің түлегі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша, «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша Мемлекеттік басқару магистрі (МРА).
  • 2016 жылғы Массачусетс технологиялық институтының, «Бизнесті басқару магистрі» мамандығы бойынша Sloan Business School түлегі.

Еңбек жолы:

  • 2004-2006 жылдары – «Альянс Банк» АҚ қарыздық бағалы қағаздар бөлімінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, басшысы.
  • 2007 жылы «Morgan Stanley» инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінде жұмыс істеген.
  • 2007-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері.
  • 2008 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы.
  • 2008-2009 жылдары – Қазынашылық департаментінің, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директоры.
  • 2009-2010 жылдары – «Kazyna Capital Management» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2010-2011 жылдары – «Ұлар-Үміт» ЖЗҚ, «Жетісу» ЗАИБЖҰ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.
  • 2010-2014 жылдары – «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
  • 2014-2015 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар мен активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.
  • 2014-2015 жылдары – «Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2016 жылы – ҚР Премьер – министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінде жұмыс істеген.
  • 2017-2019 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті.
  • 2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
  • 2019 жылдың 19 қарашадағы №399 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының  Жалғыз акционері  – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.