«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі

  • 1976 жылы Алматы облысында туған.

Білімі:

  • Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, экономика бакалавры және магистрі, және Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты құқықтану бакалавры мамандығымен бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Еңбек жолын 1998 жылдан бастады.
  • «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, Қаржы министрлігінде, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық РМК, «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  •  2019 жылғы 5 сәуірден бастап «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
  • 2019 жылдың 19 қарашадағы №399 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының  Жалғыз акционері  – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.