Қазақстан ауыл шаруашылығы кешенін несиелендірудің жалпы көлемінен «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің үлесі 50 пайызға жетті. 2013 жылы республикамыздың ауыл шаруашылық кешенін несиелендіруге холдингтің қаржылық институттары тарапынан 171 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы «ҚазАгро» Холдингі қызметтері сұрақтары бойынша ҚР Мәжілісі депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Астанада өткен «дөңгелек үстелде» айтылды.
Іс-шарада айтылып өткендей холдингтің қаржыландыру құрылымында басым бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері алады. Бұл саланы қолдау несиелік серіктестерді, тұтыну кооперативтерін және ауылдағы микронесиелендіру жүйесін қаржыландыру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі компаниялар тобының клиенттер базасы 22 мыңнан астам ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді құрайды.
Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында холдинг 236,4 млрд.теңгені құрайтын 338 жобаларды қаржыландырды, соның ішінде Ұлттық Қор есебінен 152,9 млрд.теңгені құрайтын 159 жоба. Бұл ретте осы уақытқа 169,3 млрд.теңгеге 269 жоба пайдалануға берілді.
«ҚазАгро» сарапшыларының болжамдары бойынша пайдалануға беріліп жатқан жобалар жобалық қуаттылыққа шығу кезінде құс еті импортын 52,5%-ға, сүт импортын 17,8%-ға, көкөніс өнімдерін сақтау сыйымдылықтары дефицитін 38%-ға төмендетіп, көкөніс өнімдерін маусымаралық мерзімде өндіруді 61%-ға өсіреді.
«Дөңгелек үстел» қатысушыларының қарастыруына ауылдағы несиелік серіктестер жүйесін, мал шаруашылығын дамыту, аймақтардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру сұрақтары талқыға түсіп, сонымен қатар астық нарығындағы жағдай қарастырылды. Агробизнесті дамытудағы өзекті сұрақтар бойынша пікірталас жемісті болды. Парламент депутаттары агробизнестегі кейбір мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша несиелік серіктестер қызметін әрі қарай жетілдіру қажет, ауыл тұрғындары үшін несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру, мал шаруашылығын қолдауды кеңейту керек.
Талқылау қорытындысы бойынша жалпы пікірді ҚР Парламенті Мәжілісі, Аграрлық сұрақтар бойынша Комитет төрағасы Ромин Мадинов айтып өтті: «ҚазАгро» болмағанда ауыл шарушылығын кім қаржыландырар еді. Банкттер бұдан одан сайын ары кетуде. «ҚазАгро» қаншалықты жақсы жұмыс істесе де, депутаттар жағынан сынға алынады. Мәселелерді бүгін айту, ертеңгі күнде қателік жібермеуге мүмкіндік береді. «ҚазАгро» мен депутаттық корпус арасында пайда болған бұл өте конструктивті қызметтестік. Бұл дұрыс па, әлде жоқ па басқа сұрақ, ауыл шаруашылығын несиелендірудің 50 пайызы «ҚазАгро» үлесінде, бұл дегеніміз холдінг рөлінің есейлене түсуі, бір, екі жылдан кейін қалай болатынын шынында ойлауымыз қажет».
«ҚазАгро», депутаттық корпус және агробизнес өкілдер арасындағы осындай кездесулер жақсы дәстүрге айналды. Холдинг Басқарма төрағасы Дулат Нулиұлы нәтижелі пікіралмасулар холдингтің жоспарлары мен тапсырмаларын орындауда кейбір түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. «ҚазАгро» басшысының айтуынша, талқылау барысында айтылған әрбір сын мен ұсыныс – отандық ауыл шаруашылық кешенін дамытуда қолданысқа ие болатын кездесудің әрбір қатысушысы үшін өте қажетті және пайдалы ақпарат.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.