Жобаның тарихы мен сипаттамасы: компания 3,0001 га жерде жылыжай салу жобасын іске асыру үшін құрылған.
2010 жылы қаржыландырылды.
Жоба бойынша штат саны 80 адам.
Объектінің орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауд.
Өнім: Өндіріс қуаттылығы 1800-2100 тонна құрайтын қызанақ пен қияр. 108 тонна салат.
Жобаның ағымдағы мәртебесі: проблемалық, жұмыс істейді
Жобаның құны: 1 687 783 440,54 теңге (жоба құны шамамен, әртүрлі факторларға байланысты өзгерістер болуы мүмкін)
Қажетті инвестициялар сомасы: 780 000 000 теңге (күрделі шығындар (материалдар, жабдық, құрылыс-монтаж жұмыстары),- айналым капиталы (химикалық заттар, тыңайтқыштар, несиелік берешекті өтеу))
Жобаны әлеуетті инвесторға өткізу механизмі: сатып алу-сату шарты, жабдықты екінші лизингке беру.
Қолдау құралдары: бөліп төлеу
Нарықтық алғышарттар: қызмет көрсетудің бұл саласында бәсекелестік деңгейі төмен, өнімді Ресей Федерациясына өткізу мүмкіндігі бар
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жылыжай кешені. Жабдық: Израиль, Қазақстан.
Жобаның негізгі мақсаты алаңы 30 982,9 кв.м. жылыжай кешенінің аумағында (А,А1), дүкен (Б) – 25,8 кв.м, БӨЖ (В) – 47 кв.м, жеке меншік құқығындағы 3,0001 га жер телімімен бірге, кадастрлық нөмірі 21-318-062-1225 және 26.06.2061 жылға дейін алаңы 1,1800 га, кадастрлық нөмірі 09-318-062-1463 (жоба бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылады) жер теліміне уақытша жер пайдалану құқығымен бірге «Жылыжай кешенін құру және пайдалану».
Жылыжай инженерлік-технологиялық жабдықтың келесі түрлерімен жабдықталған: перделеу жүйесі, жылыжайды жылыту жүйесі, гидропондық жүйе, тамшылатып суару жүйесі, вентиляциялық жүйе, автоматтандырылған суару жүйесі, жарық бергіш, ерітпе түйіні және т.б.
Өткізу нарығы: Негізгі сатулар Нұр-Cұлтан қ. базарларында: «Шарын» базары, «Кен-Март», «Галмарт», «ЭирФуд» дүкендер желісі, «Экспресс» дүкені, «Узбечка» мейрамханалар желісі. Өндірістің және өткізудің жылдық көлемі 393 тонна қияр мен қызанақ.
Инфрақұрылым: тас жол, электрмен қамтамасыз ету, сапалы сумен қамтамасыз ету, оқшауланған орналасқан жер. Электрмен қамтамасыз ету өз 3 мгвт ЭТЖ трансформаторлық шағын станция арқылы жүзеге асырылады. Салынған ЭТЖ қуат көзінен жылыжай шаруашылығына дейінгі ұзындығы 2 км.
Жобаның проблемалы болуының себебі: сапасыз басқару, менеджментке қатысты проблемалар
Байланыс деректері: Каримов Даулет 8 701 766 04 50, 87-7172-5928-70, і.1606, d.karimov@kaf.kz