Өткен жылы Холдингпен аграрлық секторды қолдауға 193,5 млрд.теңге бағытталды, оның – 171,2 млрд. теңгесі немесе 90%-ға жуығы несиелеуге бағытталды.
Қаржыландыру құрылымындағы республикалық бюджеттің қаражатының үлесі жыл сайын төмендейді және ол 2013 жылы 9%-ды құрады.
Жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің жиынтық несие қоржыны АӨК несиелеудің (723 млрд. теңге) жалпы көлемінің 48% (348 млрд. теңге) пайызын құрады.
Ауылдық жерлердегі шағын несиенің 93%-ы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен беріледі, және ауылшаруашылық техникасының үш бірлігінің екеуі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизингке сатып алынған. Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі қарызгерлер саны 22 мың адамға жетті.
Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде құны 237,5 млрд.теңгенің 346 жобасы қаржыландырылды, 290 жоба пайдалануға берілді, оның 160 жобасының жүктемелік қуаты 70%-дан астамға жетті. Өткен жылы 68 жоба іске қосылды. Жалпы, Холдингтің барлық бағдарламалары есебінен 15,4 мың адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, «ҚазАгро» агросаланың кейбір мәселелерін шешуге байланысты мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдауда.
– Қаржылық сектордағы экономиканы несиелендіруді жандандыру, әсіресе шағын және орта бизнесті, 2013 жылы ШОБ үшін жаңа несие өнімдері енгізілді: отандық ІҚМ лизингі; «б/п» техникалардың лизингі; экспресс лизинг; дайын объектілердің лизингі; шебер-лизинг. 2014 жылы 17,5 мың қарыз алушыны несиелеу жоспарланады. «ҚазАгро» холдингі 2013 жылдың өзінде ШОБ субъектілеріне берілген несие санын 2 есеге арттыру есебінен (2012 жылғы 7803 несиеден, 2013 жылы 15 618 несиеге дейін) шағын және орта бизнесті несиелеу көлемін шамамен 20%-ға өсіруді қамтамасыз еттік (2012 жылғы 131,3 млрд. теңгеден 156 млрд. теңгеге).
– Барлық қалалар мен мен аудандарды мемлекеттік қолдаумен толық қамту бойынша тапсырмаға сәйкес, холдинг бағдарламаларымен барлық облыстар, аудандар және республикалық маңызы бар қалалар, 58 аудандық маңызы бар қалалардың 20-ы және 26 облыстық маңызы бар қалалардың 25-і қамтылған. Барлық елді мекендерді толық қамту мақсатында Холдинг несие процессін автоматтандыруды жүргізеді, ол өтінімдерді электрондық түрде беруді көздейді. Бұл жинайтын құжаттардың санын және өтінімді беру уақытын 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
– Жұмыс істемейтін қарыздар бөлігін төмендету бойынша шаралар шеңберінде 2013 жылы холдингте сәйкес несиелер 10-нан 7%-ға дейін төмендетілді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша проблемалық қарыз алушылардың 7,6 млрд.теңгеден астам сомадағы берешектері өндіріп алынды. Несиелерді сауықтыру мақсатында қарыздарды қайта құрылымдау және мерзімін ұзарту тәжірибесі қолданылады (489 қарыз қайта құрылымдалды, 39 қарыздың мерзімі ұзартылды). Бұдан басқа, Агробизнес 2020 бағдарламасы шеңберінде Холдингпен еншілес ұйымдарының және екінші деңгейлі банктердің алдында берешек қарыздары бар АШТӨ қаржылай сауықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 17,92 млрд. теңге сомасына қаржы институттарының 33 өтінімі мақұлданды, 6,6 млрд.теңге сомасына 12 өтінім қарастырылуда. Сонымен бірге, тартылған қаражат есебінен 36,5 млрд.теңге сомасына 5 қаржы институтын АӨК несиелеу мақсатына қорландыру жүзеге асырылды.
– Ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау бойынша қойылған мақстаттарға жету үшін холдинг 2014 жылы 2,9 млрд.теңге сомасына мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Қазақстанның тауарларын әрі қарай ресейдің нарығына жылжыту мақсатында Сібір және Орал өңірлеріне талдау жүргізілді, сондай-ақ отандық өндірушілер мен қайта өңдеушілердің Мәскеуге бизнес-миссиясы ұйымдастырылды. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Мосрегионторг» ААҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сыртқы нарықтарға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу бойынша нақты цифрларға қатысты, 2013 жылы Холдингтің қаржыландырған жобаларымен экспортталды: 1 870 тонна ет пен ет өнімдері РФ мен Беларуссияға, атап айтқанда Мәскеу қ. 1 400 тонна; 890 тонна биязы жүн РФ, Италияға және ҚХР; шамамен 2330 тонна иленген былғары жартылай дайын өнім ҚХР мен Германияға. Экспорттың жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгені құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде өткен жылы Азық-түлік корпорациясы ҚХР-на 10 мың тонна астық экспорттады, ағымдағы жылы аталған көрсеткіш 30 мың тонна көлемінде күтіледі. Барлық бағыттар бойынша жалпы 300 мың тонна астықты экспорттау жоспарланады.
Көктемгі-егіс жұмыстары бойынша. 2014 жылы АШТӨ көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізулерін қаржыландыру шеңберінде Холдингке 40 млрд.теңге сомасындағы бюджеттік несие қаражаты бөлінеді, мерзімі 2014 жылдың 20 желтоқсанына дейін. АШТӨ барынша қамтуды және қаражатқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 2013 жылғы бағдарламаларға ұқсас несие өнімдері іске асырылатын болады: ЕДБ және астық қолхаттарының кепілдігімен несиелеу; Азық-түлік корпорациясының алдында мерзімі өткен міндеттемелері жоқ ӘКК кепілдігімен астықты форвардтық сатып алу (орындау мерзімін күзге дейін қалдырып көктемгі астықты сатып алу арқылы); Несие серіктестіктері, шағын несие ұйымдарының жүйесі арқылы АШТӨ қаржыландыру;
АШТӨ қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту қажеттілігін есепке ала отырып, Холдингпен ағымдағы жылы қосымша несие өнімдері енгізілетін болады: «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылмайтын қаржы институттары арқылы АШТӨ қаржыландыру.
– Жылдық 5%-дан артық емес (ЕДБ кепілдігімен)ставка бойынша, өтімді кепілдік мүлкін ұсынған жағдайда (астық қолхаттарына кепілдік беру қорының қатысушылары жүйесінің шеңберінде кепілдікпен қамтамасыз етілген астық қолхаты) жылдық 8%-дан артық емес ставка бойынша тікелей несиелеу;
– АШТӨ тарапынан қаржыландыру сомасының 5%-ы мөлшеріндегі комиссия төлеу шартымен бидай мен арпаны форвардтық сатып алу (ЕДБ немесе ӘКК кепілдігімен);
– НС мен ШНҰ жылдық 5 %-дан артық емес ставка бойынша қаржыландыру, осы ретте соңғы қарыз алушылар үшін ставка жылдық 9 %-дан артық емес болуы қажет;
– Қаржы институттары қарызды жылдық 9 %-дан артық емес ставка бойынша, жылдық 5 %-дан артық емес маржамен береді.
ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.