Акциялар мен дивидендтер туралы ақпарат

2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «ҚазАгро» холдингі» АҚ акциялар шығарылымы проспектісіне жарияланған акциялардың ұлғаюына байланысты өзгерістер мен толықтыруларды тіркеді. Акциялар шығарылымы проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркегеннен кейін жарияланған акциялардың саны 697 108 394 дана жай акцияны құрайды, НИН – KZ1C55020016.

Жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы және акцияларды орналастыру туралы шешімді жалғыз акционер қабылдайды және Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен рәсімделеді.

Жарғылық капиталды ұлғайту үшін қаражат 258 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бөлінеді.

Жалғыз акционері болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің («Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі, оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ барлық орналастырылған акциясының 100%-ы тиесілі) тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің акционер ретіндегі мүддесін ұсынатын мемлекеттік орган болып табылады.

Холдинг таза табысты бөлу кезінде «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысын және Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен рәсімделген Холдингтің дивидендтік саясатын басшылыққа алады және, дивидендтер төлеуге таза табыстың 10 %-нан кем емес қаражат бағыттауды жоспарлайды.

29.06.2018

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК…

Толығырақ

21.10.2016

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК…

Толығырақ

01.09.2015

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК…

Толығырақ

28.07.2014

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк»…

Толығырақ

30.08.2013

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк»…

Толығырақ

30.07.2012

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк»…

Толығырақ

23.08.2011

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк»…

Толығырақ