Қазақстан-венгрия тікелей инвестициялар қоры 2015 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Hungarian Export-Import Bank (Венгрия Экспорттық-импорттық Банкімен) бірлесіп құрылды.

Қордың қызметі Қазақстан Республикасы компанияларының жарғылық капиталына (үлестік қатысу) кіру арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру үшін тікелей инвестициялар тартуға бағытталған.

Қор ADM Capital халықаралық басқарушы компаниясының басқаруында (Гонконгта, Түркия және Қазақстанда кеңселері бар), Алматы қаласында кеңсесі бар. Бұл компания Қордың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның ішінде Қорға жобалар мен инвестицияларды іздестіруді жүзеге асырады.

Қор жұмыс істеген уақытта 2 жобаға инвестиция салынды:

  • «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жобасы – Ақтөбе облысында 10 га жоғары технологиялық жылыжай кешенінің құрылысы және жұмыс істеуі, Қазақстан.
  • «Сады Востока» ЖШС жобасы – Қазақстан, Жамбыл облысында бірінші кезеңде 150 га, екінші кезеңде 150 га бақ және жеміс сақтау қоймасын құру.