«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне мынадай өзгерістер туралы хабарлайды:

1) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылатын эмитент органының  шешім қабылдау күні, шешім қабылдаған органның атауы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығымен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен;

2) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістің мәні – Айтжанов Дулат Нулиұлының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы ретіндегі  өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқаруды «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Мақажанов Дәурен Сәбитұлына жүктеу.