2011 жылғы 29 шілдедегі № 877 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында ет бағытындағы мал шаруашылығының және сиыр етінің өнеркәсіптік өндірісінің дамуын тежейтін бір қатар факторлар айқындалды.
Сиыр етінің өнеркәсіптік өндірісінің дамуына тежеу қоятын осындай факторлардың бірі – озық технологияларды пайдаланатын ірі қара малды бордақылауға арналған алаңдардың қуаттылығының жетіспеушілігі болып табылады, яғни өзіндік құны төмен және қысқа уақыт аралағында сапалы өнім өндіру.
Осыған байланысты, ағымдағы жылда «КазАгроӨнім» АҚ-мен ірі қара малды өнеркәсіптік бордақылау инфрақұрылымын құру және экспортқа бағытталған сиыр еті өндірісінің көлемін өсіру мақсатында 3000 ІҚМ басынан жоғары бордақылау алаңдарының құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды.
«ҚазАгро»Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жүйесі бойынша жоғарыда көрсетілген бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыруға 2,0 млрд. теңге бөлінген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3-4/14 бұйрығымен бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларға техникалық тапсырманың негізгі талаптарын белгілеуі үшін және олардың қаржыландыру механизмін әзірлеу бойынша Жұмыс тобы құрылды.
Осы жұмыс тобы шикізат пен мал азығы базасын, аймақтың ерекшелігін және өндірістік бордақылау бойынша қуаттылыққа деген қажеттілікті ескере отырып, қойылған талаптарына неғұрлым сәйкес келетін 10 контрагенттерді іріктеді.
Осы жылдың тамыз айында оңтүстік аймақтарында бір қатар бордақылау алаңдарының құрылысы басталады.
3000 ІҚМ басынан жоғары бір мезгілде күтіп-бағуымен бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы облыстардығы бірінші санаттағы бордақылау алаңдарының қажеттілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.