«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ The Royal Bank of Scotland Plc (Шотландияның Корольдік Банкі) банкінен жеңілдетілген шартта 100 млн. АҚШ доллары сомасында қарыз алды. Аталған мәміле «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қорландыруының жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Тартылған қаражат Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүзеге асыру, сонымен қатар АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатында Холдингтің айналым капиталын толықтыруға бағытталады.
Жасалған мәміле мемлекеттік бағдарламаларды қолдау мақсатында ҚазАгро мен халықаралық банктер арасында қызметтестіктің көрнекі мысалы болып табылады.
Анықтама:
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.