«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық портфеліне 237,5 млрд.теңгені құрайтын 346 жоба кіреді. Бұл туралы «ҚазАгро» Қлттық холдингінің Басқарама төрағасы Дула Айтжанов АШМ-нің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
Алқа отырысы барысында айтылғандай, «ҚазАгро» холдингінің бағдарламаларымен республиканың 14 облысы, 161 аудан, 20 аудандық маңызы бар қалалар, 25 облыстық маңызы және 2 республикалық маңызы бар қалалар қамтылған, 494 млрд.теңге сомасына қаржыландырылған қарызгерлер саны – 22 мың.
Ағымдағы жылы холдинг АӨК дамуына потенциалы бар аудандық маңызы бар қалаларда инвестициялық жобаларды ұаржыландыру бойынша жұмысты жалғастыруды көздеп отыр.
2013 жылы «ҚазАгро» компаниялар тобымен 33,6 млрд.теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Іске қосылған жобалар бойынша аймақтық көшбасшылар Солтүстік Қазақстан облысы /11 жоба/ және Оңтүстік Қазақстан облысы /10 жоба/ болып табылады.
Бүгінгі күні холдинг қарастыруында 29 млрд.теңгені құрайтын 42 өтінім бар. 2014 жылы сонымен қатар, 75 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Дулат Айтжанов холдингтің қызметтеріне қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. «ҚазАгро» басшысының сөзіне сәйкес «бір терезе» қағидасымен агрошаруашылықтарға қызмет көрсету холдинг компанияларының Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы филиалдарында енгізілген. Өткізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты – қарызгерлерге мемлекеттік органдар беретін құжаттар мен анықтамаларды жинауды барынша оңтайландыру және процесстерді автоматтандыру арқылы құжаттарды электронды түрде беруді ұйымдастыру, бұл аграршыларға несие алуда уақыт пен қаржы үнемдеуге мүмкіндік беріп, сонымен қатар рұқстат құжаттарды алу сұрақтарын жеделдетуге септігін тигізеді.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.