«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.
2015 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясына әртүрлі өңірлердің аграрияларынан жалпы сомасы 5,3 млрд. теңгеге 600 өтінім келіп түсті. Мұның өзінде АШТӨ берген өтініштер бойынша жалпы егіс алаңы 880 мың га-ға ұлғайды.
Өтінімдер қаралғаннан кейін 450 мың га жалпы егіс алаңына 2,7 млрд. теңгедан астам сомаға 283 өтінім мақұлданды.
Аграриялар өз міндеттемелерін 2015 жылдың 1 қарашасына дейін бидай жеткізу арқылы орындауы тиіс екенін естеріңізге саламыз. Жалпы бағдарламаны іске асыруға 17 млрд. 650 млн. теңге бөлінді.
Анықтама
«ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 2015 жылы 97 млрд. теңге бағыттауды жоспарлап отыр.
2014 жылы холдинг 49,9 млрд. теңгеге егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландырды. Қабылданған шаралар АШТӨ 5,4 млн. га жер көлеміне аграрлық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді.