2015 жылғы 28-30 қаңтарда астық егетін негізгі өңірлердің облыс орталықтары Қостанай, Петропавл және Көкшетау қалаларында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың Ашық есік күндері өтті. Іс-шараға Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінің және орталық аппаратының, Қазақстан фермерлер одағы және Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өкілдері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (АШТӨ) ағымдағы жылы 28 қаңтарда басталған 2015 жылғы көктемгі егін жұмыстарын қаржыландыру арқылы аграриялардан форвардтық жолмен астық сатып алу бағдарламасы туралы айтып берді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл бағдарлама өткен жылғы мерзімдерге қарағанда ерте басталады. Бұл өз кезегінде аграрияларға егіс кампаниясына уақытылы және сапалы дайындалуға, атап айтқанда ЖЖМ, тұқым және басқаларды сатып алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға қатысатын АШТӨ тізімін облыстық әкімдіктер жанындағы Үйлестіру кеңестері жасайды.
АӨК субъектілері аталған бағдарлама бойынша өз міндеттемелерін 2015 жылғы 1 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін орындауы тиіс.
Астықты форвардтық жолмен сатып ату бағдарламасының шарттарымен Азық-түлік келісім шарт корпорациясының сайтында танысуға болады.
Жалпы осы бағдарламаны іске асыруға 17,6 млрд. теңге бағыттау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар астық өндірушілермен кездесу кезінде тұқым сатып алу үшін АШТӨ қаржыландыру арқылы форвардтық жолмен бидай сатып алу барысы туралы мәселелер қозғалды.
Жалпы алғанда Ашық есік күндерінде аграриялар өз сұрақтарына нақты жауаптар алды және осындай диалог алаңдарына қатысуға қызығушылық білдірді.