9-10 қазанда ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров пен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов I Халықаралық агроөнеркәсіп форумына (МАФФ-2019) қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.
Форум аясында бірқатар екіжақты іскерлік кездесулер өткізілді.
Атап айтқанда, Россельхознадзор басшысы Сергей Данквертпен кездесуде Ресейге жеткізу үшін жабық және күшейтілген зертханалық бақылауға қойылған Қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы талқыланды.
Тараптар екі елдің құзыретті ведомстволары зертханалық зерттеулер бөлігінде неғұрлым үйлестірілген жұмысты жүргізу қажет деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, Ресей тарапы «Зенченко и К» КС, Айсберг және J.F. M company өндіретін өнімнің экспорты бойынша шектеулерді алып тастау мәселесінде кездесуге барды. Жақын арада аталған компаниялар өз өнімдерін Ресей нарығына жеткізе алады.
Россельхознадзор басшысымен кездесуде электрондық ветеринарлық сертификаттау саласында екі ақпараттық жүйені – "ВетИС" ФГИС Россельхознадзор және ҚР АӨК ЕАСУ АЖ интеграциялау бойынша техникалық мәселе талқыланды.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров сапар аясында РФ Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левинмен кездесті.
Тараптар бірқатар мәселелерді талқылады: шекаралас аумақтарда шегірткеге қарсы күрес бойынша бірлескен дайындық жұмыстары, АӨК өнімдерін Құжаттамалық қадағалау жүйесінің жұмысы ("фермадан үстелге дейін") және электрондық ветеринарлық сертификаттарды енгізу. Тараптар проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін ҚР және РФ Ауыл шаруашылығы вице-министрлері басқаратын тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын құру туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанда ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.