«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) – Болат Бидахметұлы Жәмішовтің «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттілігі 2019 жылдың 26 ақпанынан бастап өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлайды.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің оған енгізілген өзгерістерді есепке алғандағы құрамы:

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы –– Директорлар кеңесінің мүшесі;

Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі;

Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі;

Егімбаева Жанна Дачерқызы – тәуелсіз директор;

Жандосов Ораз Әлиұлы – тәуелсіз директор;

Мұхамбетжанов Берік Көпжасарұлы – тәуелсіз директор;

Құрманов Рүстем Жомартұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі.