«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік; БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 05-1/481 бұйрығына сәйкес, бір жай акцияға шаққандағы 1,27 (бір) теңге 27 тиын есебінен 248 153 243 (екі жүз қырық сегіз миллион бір жүз елу үш мың екі жүз қырық үш) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі 2010 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.