«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Жалғыз акционердің шешімі қабылданған туралы хабарлайды:
1. акционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 20 қазандағы шешімі №443;
2. акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер – «ҚазАгро ұлтық басқарушы холдинг» АҚ акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы;
3. акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:
1) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының  2015 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2015 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтері төленбесін;
3) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы осы шешім қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күн ішінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2015 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы қабылданған шешімді бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын;
4) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.