«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 5-12 мамыры аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады.
Қарастырылып отырған кезең аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт, бакалея өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ.
Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасына қатысты төмендегідей өзгерістер тіркелді:
– Қостанайда қияр 11%-ға 450-ден 400 теңге/кг-ға дейін және Алматыда 11%-ға 378-ден 338 теңге/кг-ға дейін арзандады. Қияр бағасының арзандауына сатылымдағы өнім мөлшерінің ұлғаюы мен көтерме сауда бағаларының Қостанайда 6%-ға 355-тен 335 теңге/кг-ға дейін, Алматыда 21%-ға 258-ден 203 теңге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;
– Астанада пияз бағасы 14%-ға 118-ден 134 теңге/кг-ға дейін және Қостанайда 11%-ға 95-тен 105 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Астанада өнім бағасының ұлғаюына сатылымда биыл өсірілген қымбаттырақ пияздың пайда болуы әсер еткен, көтерме бағалар 100 теңге/кг деңгейінде қалған. Қостанайда өнім бағасының қымбаттауына сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен сату алдындағы сақтау шығындарының ұлғаюы себеп болды. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 9%-ға 85-тен 93 теңге/кг-ға дейін қымбаттады;
– Алматыда қырыққабат 10%-ға 150-ден 135 теңге/кг-ға дейін арзандады. Бағаның арзандауына өнім мөлшерінің ұлғаюы мен көтерме сауда бағаларының 14%-ға 98-ден 84 теңге/кг-ға дейін төмендеуі себеп болды;
– Қостанайда сәбіз 11%-ға 95-тен 105 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарының ұлғаюы себеп болған. Бір апта ішінде көтерме сауда бағалары 13%-ға 78-ден 88 теңге/кг-ға дейін қымбаттады;
– Астанада қызылша 19%-ға 124-тен 147 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Бұған да сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен сатылым алдындағы сақтау шығындарының ұлғаюы себеп болған. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 8%-ға 97-ден 105 теңге/кг-ға дейін қымбаттады;
– Астанада мөңке балық 13%-ға 400-ден 350 теңге/кг-ға дейін аразандады. Нарықтың арзан (мөлшері кішілеу) балықпен қанығуы өнімнің арзандауына себеп болды. Көтерме сауда бағалары бір апта ішінде 11%-ға 280-нен 250 теңге/кг-ға дейін төмендеді.
Естеріңізге салар болсақ, компания баға мониторингін 2003 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. 2008 жылдан бастап бұл жұмыс «Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында негізгі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу әдістемесіне» сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл әдістеме ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітіліп, ҚР Статистика жөніндегі агенттігімен мақұлданған.
Компания бағалар мониторингін келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің апта сайынғы бөлшек саудадағы бағалары
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің апта сайынғы көтерме саудадағы бағалары
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің апта сайынғы бөлшек саудадағы бағаларының өзгерістері
Жанар-жағармайдың апта сайынғы бағалары
Дәнді дақылдардың апта сайынғы бағалары
Диірмендер мен элеваторлар қызметтерінің тарифтері
Төрт түлік малдың апта сайынғы бағалары
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің бөлшек және көтерме саудадағы бағаларын салыстыру
Ауыл шаруашылығы тауарын тікелей өндірушілердің апта сайынғы орташа бағалары
Ауыл шаруашылығы тауарын тікелей өндірушілердің апта сайынғы орташа бағаларының өзгерістері, %
Сыртқы нарықтардағы бағалар (РФ, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қытай)
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік бағалары.
Анықтама:
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның («ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы) миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін компания өзінің ауылдық кеңес беру орталықтары арқылы қазіргі заманғы ең озық ақпараттық технологияларды пайдаланып шаруалардың ақпаратқа деген қолжетімділігін арттыруда.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.
_________________________________________________________________________
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның баспасөз қызметі
Мәнсия Сәкенова, +7 701 977 61 00, sakenova.m@kam.kz
тел: 8(7172) 580-177, ішкі 154, http://www.kam.kz