«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 24-31 наурызы аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады.
Ет өнімдері бойынша:
– Ақтөбеде тауық еті 14%-ға 590-нан 510 теңге/кг-ға дейін арзандады. Нарықтың Ресейден әкелінген өніммен қанығуы және сатушылардың көтерме сауда бағаларын 18%-ға 510-нан 420 теңге/кг-ға дейін арзандатуы өнім бағасының төмендеуіне әкелді.
Жеміс-көкөніс өнімдері бойынша:
– Өскеменде жүзім бағасы 13%-ға 921-ден 1040 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сатушылардың көтерме сауда бағасын 13%-ға 668-ден 755 теңге/кг-ға дейін жоғарылатуы өнім бағасының қымбаттауына әкелді;
– Көкшетауда қияр 10%-ға 500-ден 452 теңге/кг-ға дейін арзандады. Бұған көтерме сауда бағаларының 5%-ға 420-дан 400 теңге/кг-ға дейін төмендеуі және өнім жеткізілімі мөлшерінің артуы әсер етті;
– Өскеменде пияз бағасы 11%-ға 104-тен 115 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сақтауға кететін шығындардың артуы мен сатушылардың көтерме сауда бағасын 7%-ға 92-ден 98 теңге/кг-ға дейін қымбаттатуы өнім бағасының ұлғаюына әкелді;
– Астанада тәтті бұрыш 11%-ға 699-дан 619 теңге/кг-ға дейін арзандады. Өнім жеткізілімінің артуы мен көтерме бағалардың 33%-ға 600-ден 400 теңге/кг-ға дейін төмендеуі өнім бағасының түсуіне әсер етті;
– МандариндерАқтөбеде 16%-ға 270-тен 314 теңге/кг-ға дейін және Өскеменде 16%-ға 300-ден 348 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Жеткізілім мөлшерінің азаюы мен көтерме бағалардың Ақтөбеде 14%-ға 220-дан 250 теңге/кг-ға дейін, ал Өскеменде 11%-ға 248-ден 275 теңге/кг-ға дейін артуы өнімнің қымбаттауына әкеп соқты;
– Ақтөбеде банан бағасы 10%-ға 300-ден 330 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Жеткізілім мөлшерінің азаюы мен көтерме сауда бағаларының 4%-ға 275-тен 285 теңге/кг-ға дейін артуы өнімнің қымбаттауына себеп болды.
Балық өнімдері бойынша:
– Астанада мөңке балық 15%-ға 325-тен 375 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сатушылардың көтерме сауда бағасын 8%-ға 260-тан 280 теңге/кг-ға қымбаттатуы өнім бағасының өсуіне әкелді;
– Астанада шортан бағасы 11%-ға 450-ден 500 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сатушылардың көтерме сауда бағасын 20%-ға 375-тен 450 теңге/кг-ға дейін қымбаттатуы өнім бағасының өсуіне әкелді.
Өзге азық-түлік өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ. «Қазагромаркетинг» АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түліктің 66 түрі бойынша еліміздің барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін жүргізеді.