«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 17-24 ақпаны аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады.
Жеміс-көкөніс өнімдері арасында келесі өзгерістер байқалды:
– Шымкентте жүзім бағасы 11%-ға 450-ден 500 теңге/кг-ға дейін, Ақтауда 11%-ға 540-тан 600 теңге/кг-ға дейін, Астанада 10%-ға 831-ден 911 теңге/кг-ға дейін қымбаттады;
– Атырауда қияр 14% 380-нен 435 теңге/кг-ға дейін, Өскеменде 14%-ға 502-ден 573 теңге/кг-ға дейін қымбаттады;
– Астанада тәтті бұрыш бағасы 14%-ға 689-дан 788 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Өнімнің қымбаттауына әкелінетін өнім мөлшерінің азаюы мен көтерме сауда бағаларының ұлғаюы әсер етті.
Мандариндер Алматыда 22%-ға 344-тен 270 теңге/кг-ға дейін және Атырауда 14%-ға 416-дан 359 теңге/кг-ға дейін арзандады. Өнім бағасының төмендеуіне саудада арзанырақ пәкістандық мандариндер мөлшерінің артуы себеп болды.
Сатушылардың көтерме сауда бағасын 12%-ға 425-тен 375 теңге/кг-ға арзандатуына байланысты Астанада шортан бағасы 10%-ға 500-ден 450 теңге/кг-ға дейін төмендеді.
Өзге азық-түлік өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ. «Қазагромаркетинг» АҚ апта сайын әр сейсенбі күні азық-түлік өнімдерінің 66 түрі бойынша еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін өткізеді.
Естеріңізге салар болсақ, компания баға мониторингін 2003 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. 2008 жылдан бастап бұл жұмыс «Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында негізгі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу әдістемесіне» сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл әдістеме ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітіліп, ҚР Статистика жөніндегі агенттігімен мақұлданған.
Компания бағалар мониторингін келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің апта сайынғы бөлшек саудадағы бағалары
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің апта сайынғы көтерме саудадағы бағалары
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің апта сайынғы бөлшек саудадағы бағаларының өзгерістері
Жанар-жағармайдың апта сайынғы бағалары
Дәнді дақылдардың апта сайынғы бағалары
Диірмендер мен элеваторлар қызметтерінің тарифтері
Төрт түлік малдың апта сайынғы бағалары
Қазақстан қалаларының нарығындағы азық-түлік өнімдерінің бөлшек және көтерме саудадағы бағаларын салыстыру
Ауыл шаруашылығы тауарын тікелей өндірушілердің апта сайынғы орташа бағалары
Ауыл шаруашылығы тауарын тікелей өндірушілердің апта сайынғы орташа бағаларының өзгерістері, %
Сыртқы нарықтардағы бағалар (РФ, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қытай)
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік бағалары.