«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Холдинг) Холдинг Жалғыз акционерінің шешімі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 15 қырқүйектегі №287 бұйрығымен Холдинг Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы сайланды.
Осы бұйрықпен ««ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 399 бұйрығына Холдинг Директорлар кеңесінің құрамының саны 9 адам болып өзгерістер енгізілді.
Холдингтің Директорлар кеңесі құрамының оған енгізілген өзгерістерді есепке алғандағы құрамы:
- Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
- Омаров Сапархан Кесікбайұлы – Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрі;
- Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы – Қазақстан Республикасының Бірінші қаржы вице-министрі;
- Мәдиев Жаслан Хасенұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі;
- Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;
- Игорь Абрамов – тәуелсіз директоры;
- Майкл Вайнштейн – тәуелсіз директор;
- Йорг Андреас Динкелакер – тәуелсіз директор;
- Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – тәуелсіз директор.