«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Жалғыз акционердің шешімі қабылданған туралы хабарлайды:
1) акционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 2 маусымдағы шешімі;
2) акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер – «ҚазАгро ұллтық басқарушы холдинг» АҚ акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы;
3) акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен – Директорлар кеңесінің құрам саны 11 адам болып анықталды, Директорлар кеңесінің мүшелері – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорлары болып сайланды:
 – Егімбаева Жанна Дачерқызы;
 – Елемесов Асқар Раушанұлы;
 –  Жандосов Ораз Әлиұлы.
4) акционерлік қоғамының шешімі бойынша өзге мәліметтер – Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңының 35-бабы 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 246 бұйрығымен шешім қабылданды.