«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Кенесары к.,36; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БЖК KZKOKZKX, ЖСК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік;  БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 568 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 10,11 (он теңге он бір тиын) теңге есебінен 161 792 100 (бір жүз алпыс бір миллион жеті жүз тоқсан екі мың бір жүз) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі  2009 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.  Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.