«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Жалғыз акционердің шешімі қабылданған туралы хабарлайды:
1. акционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2016 жылғы 4 қазан шешімі;
2. акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер – «ҚазАгро ұлтық басқарушы холдинг» АҚ акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы;
3. акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:
1) Холдингтің жарияланған акцияларының саны 51 699 000 (елу бір миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың) дана жай акциялар шығару арқылы ұлғайтылсын.
2) Холдингтің жарияланған акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен кейін Холдингтің 51 699 000 (елу бір миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың) дана акциясы бір акция үшін 1 000 (бір мың) теңге орналастыру бағасымен жалпы сомасы 51 699 000 000 (елу бір миллард алты жүз тоқсан тоғыз миллион) теңгеге орналастырылсын.
3) Холдинг Басқарма төрағасы (Н.Т. Малелов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
– осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген Холдингтің жарияланған акциялар шығарылымының құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуін және Холдингтің акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізуді қамтамсыз етсін;
– «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік акционерлік қоғамның акционерінің құнды қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыруды қамтамсыз етсін.
– акиялар шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен кейін олардың төленуіне қарай акциялардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шотына аударылуын қамтамсыз етсін.
– осы бұйрықпен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.