«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазАгро» холдингі» АҚ) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 100% акцияларының  пакетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы»  27.05.2020 жылғы № 326 қаулысына және «ҚазАгро» холдингі» АҚ мен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арасындағы 01.06.2020 жылғы №5/17 Сыйға тарту шартына сәйкес өтеусіз негізде республикалық меншікке берді.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ жеке шотынан «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 100% акциялары пакетінің  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ жеке шотына 05.06.2020 жылғы №3961023 номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды аударуды тіркеуге арналған бұйрық бойынша есептен шығару жөніндегі мәміле тіркелді.