«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Жалғыз акционердің қабылдаған шешімі туралы хабарлайды:

1. Акционерлік қоғамының акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Жалғыз акционердің 2018 жылғы 1 ақпандағы шешімі;

2. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер – «ҚазАгро ұлтық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы;

3. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:

1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің сандық құрамы 9 адам болып анықталсын.

2. Асқар Исабекұлы Мырзахметовтің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылсын.

3 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшелері болып:

1)Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев;

2) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев сайлансын.

4. Ө.Е. Шөкеевтің және Э.Т. Жұмағазиевтің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттілігінің мерзімі осы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамы директорлар кеңесі құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 10 қазандағы №05-1/572 бұйрығымен анықталған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталған күнге дейін есептелсін.

5. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 10 қазандағы №05-1/572 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

6. Директорлар кеңесі заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасын сайлауды қамтамасыз етсін.

4. Акционерлік қоғамының шешімі бойынша өзге мәліметтер – осы бұйрыққа «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ (бұдан әрі – Эмитент) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылықтілген бликасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағ корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, ақционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берліген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Эмитенттің органдарының құрамындағы мынадай өзгерістер туралы хабарлайды:
1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсету арқылы Эмитент органының құрамын өзгерту туралы шешім қабылдау күні – 2018 жылғы 1 ақпандағы №53 Эмитенттің Жалғыз акционері Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы шешімі;

2) құрамы өзгертілген эмитент органының атауы – Директорлар кеңесі;

3) Эмитент органының құрамына өзгерістің мәні: орган құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және бар болған жағдайда – әкесінің аты, орган құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты және бар болған жағдайда

– Асқар Исабекұлы Мырзахметовтің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылсын.

– «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшелері болып: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев сайлансын.

4) акционерлік қоғамы органының оған енгізілген өзгерістерді есепке алғандағы құрамы, акционерлік қоғамы органының құрамына кіретін әрбір тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсету арқылы:

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі;

Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі;

Жәмішев Болат Бидахметұлы – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы;

Егімбаева Жанна Дачерқызы – тәуелсіз директор;

Елемесов Асқар Раушанұлы – тәуелсіз директор;

Жандосов Ораз Әлиұлы – тәуелсіз директор.

Жұмағазиев Эльдар тынышбайұлы – тәуелсіз директор.

Малелов Нұрлыбек Төлебайұлы – «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы