«ҚазАгро» холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) 2018 жылғы 2 қарашадағы №14 Холдингтің Директорлар кеңесі қабылданған келесі ақпаратты хабарлайды:
1. Раисова Гүлмира Болатқызы Холдингтің Басқарма мүшесі ретінде сайланды.
Басқарма құрамының оған енгізілген өзгерістерді есепке алғандағы құрамы:
Құрманов Рүстем Жомартұлы – «ҚазАгро» холдингі АҚ Басқарма төрағасы;
Раисова Гүлмира Болатқызы – «ҚазАгро» холдингі АҚ HR сұрақтары жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі;
Мыңжасаров Жұмағали Ахметғалиұлы – «ҚазАгро» холдингі АҚ құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі;
Жолдасов Елнар Расылханұлы – «ҚазАгро» холдингі АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі;
Джувашев Асылхан Болатұлы – «ҚазАгро» холдингі АҚ активтер мен инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
2. «Қазагромаркетинг» ЖШС ерікті түрде таратуға келісім берілді.
3. Директорлар кеңесімен  сауда-саттық бағасын көтеру және төмендету  тәсілімен «ҚазАгроӨнім» АҚ 100% акцияларын иеліктен шығару туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында қабылданған шешімді іске асыруға (www.gosreestr.kz) 6 қарашада «ҚазАгроӨнім» АҚ 100% акциясын электронды аукцион арқылы сатуды өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Объект бойынша  бірінші сауда-саттық 2018 жылғы 21 қарашаға белгіленді. Екі жағдайдағы сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда, «ҚазАгроӨнім» АҚ -ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ына қосу жоспарлаунда.
«КазАгро» Холдингі» АҚ өз мүдделілігі бар мәмілені жасау туралы хабарлайды
«ҚазАгро» холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Холдингтің Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 10 қазанда қабылдаған шешіміне сәйкес  «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ 25.01.2018 жылғы  №31 шартына қосымша келісім жасау арқылы Холдингтің мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды.
«КазАгро» Холдингі» АҚ өз мүдделілігі бар мәмілені жасау туралы хабарлайды
«ҚазАгро» холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Холдингтің Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 10 қазанда қабылдаған шешіміне сәйкес «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ 26.01.2018 жылғы  №32 шартына қосымша келісім жасау арқылы Холдингтің мүдделі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды.
«ҚазАгро» холдингі » АҚ ірі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Холдингтің Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 29 маусымдағы шешіміне сәйкес, 2014 жылғы 11 маусымдағы халықаралық облигациялардың екінші облигациялық бағдарламасының проспектісінде шығарылған ISIN: XS1070363343 облигацияларын 420 442 000,00 евро сомасына сатып алу арқылы ірі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды.