«Қазагромаркетинг» АҚ «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру аясында қаржы институттарынан агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша өтінімдер қабылдауды бастады.
Қаржылық сауықтыруға 2014 жылдың 1 қаңтары күніне екінші деңгейлі банктердің және лизингтік компаниялардың немесе өзге де ұйымдардың алдында қарыздары бар агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қатыса алады.
Субъектілердің қарызы 9 жылға дейінгі мерзімге қайта құрылымдалуы (қайта қаржыландырылуы) және қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгеде 7%-ға және шетелдік валютада 5%-ға төмендетілуі мүмкін.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН ҚАРЫЗГЕРЛЕР ҚАРЫЗ АЛҒАН ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРГЕ, ЛИЗИНГТІК КОМПАНИЯЛАРҒА НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ҰЙЫМДАРҒА ӨТІНІМ БЕРУІ ТИІС.
Қаржылық сауықтыру Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №9-1/320 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Анықтама телефоны: 8 800 080 70 80 («Қазагромаркетинг» АҚ-ның Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу желісі).
Анықтама:
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін компания өзінің ауылдық кеңес беру орталықтары арқылы қазіргі заманғы ең озық ақпараттық технологияларды пайдаланып шаруалардың ақпаратқа деген қолжетімділігін арттыруда.
ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.
_________________________________________________________________________
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның баспасөз қызметі
Мәнсия Сәкенова, +7 701 977 61 00, sakenova.m@kam.kz
тел: 8(7172) 580-177, ішкі 154, http://www.kam.kz