Поздравляем всех, чей нелегкий труд на земле обеспечивает достаток и спокойствие в каждом доме!
«Әріптестерім, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне арнау»
«Кәсібің не?» — деп балам сұрап еді,
«А/Ш» деп мен қысқаша жауап бердім.
Айтқанымды түсінбеген шолжаң балам,
Екі әріпке неше түрлі нұсқа терді.
Мүмкін, әке, Астаналық Шаңғышысың?
Күндіз бойы даладасың, шаршап жүрсің.
Жаттығуын үзбейтұғын спортшыдайсың,
Кеш жатсаң да, қайтадан ерте тұрдың.
Іссапарға кетесің үш-төрт айға,
Жұмыс орның Алатаулық Шипажай ма?
Бәлкім, әке, Арнайы Шабағансың
Көп барасың Көкшетауға, Қостанайға.
Әкімменен ұрысасың сұрлап түсің,
Мүмкін, әке, Арыз бергіш Шағымшысың?
Басымды мен иземедім, балам болса
Нұсқаларын айтып болды, іші пысты.
Салмадың сен жылқыға шалма құрық.
Жүрмедің де картоп жинап, алма үзіп.
Қалада өскен жарқыным, еске сақта
А/Ш деген — Ауылдағы Шаруашылық!
Шәй ішесің таңертең, нан үзесің,
Бутерброд қып жеп жүрсің жылқы етін,
Ерлігі көп Ауылдағы Шаруалардың,
Соның бәрін сен үшін өсіретін.
Кәсіби мейрамымыз құтты болсын!
Анас Баққожаев, советник Председателя Правления АО «Казагропродукт»