Құру тарихы

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі (бұдан әрі – Холдинг) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қаулысына сәйкес құрылған.

Холдингке Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 ақпандағы №748 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына және и Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы  №297 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қаулысына  сәйкес ұлттық басқарушы холдинг ат берілді.

Миссия, мақсаттар, даму стратегиясы

Холдингтің миссиясы

  • Холдингтің миссиясы АӨК-де мемлекеттік саясатты іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы АӨК-нің орнықты экономикалық өсуіне жәрдемдесу болып табылады.

Холдингтің мақсаты

  • Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған.

Холдингтің қызметінің стратегиялық бағыттары

  • АӨК-дегі тұрақтандыру функцияларын іске асыруға қатысу
  • АӨК-де бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жәрдемдесу
  • АӨК-де инвестициялар тарту және қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету
  • Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және кредиттік процестің тиімділігін арттыру мақсатында холдингті трансформациялау

Холдингтің пайымы

Холдингтің пайымы – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және АӨК-ні цифрлық, технологиялық жаңғырту мен дамыту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін ықшам, қаржылай орнықты және кәсіби басқарушы холдинг.